Облыстық «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» атты семинар
A - Размер шрифта A +

Облыстық «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» атты семинар

Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибеге енгізудегі озық педагогикалық іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицей» базасында «Пәндік-тілдік ықпалдасуды көптілділік тұжырымдамасымен тәжірибе жүзінде іске асыру» тақырыбында 4 педагогикалық студияда  семинар өтті. Семинарға 33 облыс педагогтары қатысты. 

Семинарда физика, математика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пән мұғалімдері ашық сабақтар және экономика, ағылшын тілі, математика, тарих, елтану, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері кіріктілірген сабақтар өткізді. Семинар барысында лицей оқушыларының шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың жоба жұмыстары тыңдалды. Семинар өз жұмысын педагогтермен «Кәсіби әңгіме» жүргізумен аяқтады. 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші