«Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері»
A - Размер шрифта A +

«Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері»

 «Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері» атты  аймақтық семинар

Жекелеген пәндерді билингвальді әдіспен оқытатын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылығы мен іскерлігін жетілдіруге ықпал ету мақсатында  Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылы  21 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық орта мектебі базасында «Жекелеген пәндерді билингвальді оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбында аймақтық семинар  өткізді.

Семинарға Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарының билингвальді әдіспен оқытатын мұғалімдері қатысып, оқытудың жаңашыл әдістері бойынша өзара  тәжірибе алмасты.

Семинар барысында билингвальді оқытудың сапасын арттыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстел өткізіліп, соңында ұсыныстар қабылданды. Аталған шараға барлығы 50 мұғалім қатысты.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші