Аймақтық семинар: Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауда зертханалық құрылғылар мен электрондық оқулықтардың тиімділігі
A - Размер шрифта A +

Аймақтық семинар: Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауда зертханалық құрылғылар мен электрондық оқулықтардың тиімділігі

Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды жүргізуде пән мұғалімдерінің кәсіби-интеллектуалдық шеберліктерін дамыту және өзара тәжірибе алмасуына қолдау көрсету мақсатында "Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауда зертханалық құрылғылар мен электрондық оқулықтардың тиімділігі" тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинардың  тәжірибелік алаңында мұғалімдер биология пәнінен зертханалық жұмыстарды өткізудің үлгілерін, виртуалды зертхана, электрондық оқулықтар маңыздылығын, жаңа модификациялық кабинет мүмкіндіктерін қолодану тәжірибелерін ортаға салды. Ал ашық сабақтар алаңында оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруда, олардың өз бетімен пәндік біліммен қаруланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру бағытында жұмыстар көрсетілді.

Семинар барысында Ханафия Уазира (Ескелді ауданы, Титов ат. ОМ), Пак Елена Анатольевна (Қаратал ауданы, М.Горький ат. ОМ), Огай Елена Тимофеевна (Талдықорған қаласы, №4 ОМ), Каримсакова Ақбілек Нұртанқызы (Текелі қаласы №4 ОМ), Онайкулова Арай Алпысбаевна (Көксу ауданы Ақын Қабан жырау ат. ОМ), Иманбаева Жанель (Қаратал ауданы Калпе ОМ) ашық сабақтар өткізсе, Омарова Гүлбахыт Утегеновна (Талдықорған қаласы К.Ушинский ат. №7 ОМ), Қанатбаева Жанат Құлмұратқызы (Текелі қаласы №5 ОМ), Лукпанова Айгуль Амангельдиевна (Ескелді ауданы балпық би ат. ОМ), Тоқтархан Кулшай (Көксу ауданы Құрманов ат. №2 ОМ), Байтуарова Роза Тұрғанбайқызы (Қаратал ауданы №13 ОМ) өз тәжірибелерімен бөлісті. Соңында «Бағдаршам» атты кері байланыс өткізіліп, семинар барысына  қорытынды жасалды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші