Әдістемелік десант «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант

26 қаңтар 2017 жылы Жамбыл ауданында химия, биология пәнін сапалы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну, пәндік білім сапаны көтеруде кеңестер беру және өзара тәжірибе алмасуына қолдау көрсету мақсатында «Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудың әдістемелік жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Десант барысында ашық сабақтар, тәжірибелік және интерактивті дискуссия алаңдары жұмыс жасап, нәтижесінде химия, биология пәндерін оқытудың жаңа тәсілдерінің тәжірибеде қолданылуы, стратегияларды енгізудің тиімді жолдары мен өздерінің педагогикалық табыстары бойынша өзара тәжірибе алмастырды. Сонымен қатар, пәндік білім сапаны көтеруде, өзіндік іс-әрекет мәселелерін сараптауға негізделген  және сабақта кездесетін проблемалық ситуацияларды шешу жолдары жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Десантта биология пәнінен Қ.Наурызбай ОМ мұғалімдері А.Арынова, Н.Ибагалиева, Ш.Ахмуратова, Г.Абдуллаева ашық сабақтар, А.Сулейменова (Ақсеңгір ОМ), Қ.Ақылова (Рысқұлов атындағы ОМ) шеберлік сыныптар өткізді. Десанттың тәжірибеге енгізу алаңында химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша Б.Қыдырбекұлы атындағы ОМ химия пәні мұғалімі Адият Мақсат, Қарғалы №3 ОМ биология пәні мұғалімі С.Джомартова кіріктірілген сабақтар өткізді.

 Әдістемелік десант өз жұмысынөткізілген сабақтарға және жалпы химия, биология пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мен тәжірибе жетілдіру жұмыстарының барысына SWOT талдауын жасаумен аяқтады.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші