Ашық есік: Облыстағы пилоттық мектептердегі ашық есік күндері
A - Размер шрифта A +

Ашық есік: Облыстағы пилоттық мектептердегі ашық есік күндері

25 қаңтар мен 16 ақпан аралығында Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп пен Жаркент қаласындағы Х.Хамраев атындағы  пилоттық орта мектептерде 1,2 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытып жатқан бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында ашық есік күндері өтті.

Аталған іс-шараға  жаңартылған білім беру бағдарламасын тәжірибеге енгізуді тарату үшін мұғалімдерге жергілікті жерде әдістемелік көмек көрсететін аудандардағы мобильді топ құрамындағы 180 педагог қатысты.

Ашық есік күндерінде бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері ашық сабақтарға, дөңгелек үстел мен дискуссиялық алаңдарға қатысып,   мектеп үйлестірушілерімен, ашық сабақ өткізген пән мұғалімдерімен сұхбаттасу арқылы  өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші