A - Размер шрифта A +

Пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы

Алматы облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылы 01 наурызда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің физика-математика және жаратылыстану-техникалық факультеттерімен бірлесіп пән мұғалімдерінің олимпиадалық күрделіжәне логикалық тапсырмаларды орындау әдістемесін жетілдіру және педагог мәртебесін арттыру мақсатында пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті. Облыстық олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпазы деп танылған 72 мұғалім қатысты. Облыстық олимпиаданы облыстық әдістемелік кабинеті меңгерушісінің орынбасары Ғ.Ж.Мұхметова ашып, алғаш өткізіліп отырған бұл олимпиаданың пән мұғалімдері үшін мәні зор екеніне тоқталып өтті. Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы, п.ғ.к., доцентЕсенгабылов  Илияс  Жансеркенович және физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Намазбаев Қанабек Таубекович қатысушыларды құттықтады.

Облыстық кезең 3 турмен өткізілді. Олимпиаданың теориялық турында тест тапсырмаларын орындады. Сарамандық кезеңде практикалық білімдерін ортаға салса,  үшінші шығармашылық турда  кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Нәтижесінде пән мұғалімдері төмендегідей орындарды иеленді:

География пәні бойынша І орын-Текелі қаласы, №1 ОМ география пәні мұғалімі Қ.Молбаев, ІІ орын- Алакөл ауданы Дзержинск атындағы ОМ мұғалімі С.Байтубекова мен Ақсу ауданы Н.Есеболатов атындағы ОМ мұғалімі Б.Үңгірбаев, ІІІ орын  - Ескелді ауданы, Балпық би атындағы ОМ мұғалімі Д.Байтурганова  және  Іле ауданы, №28 ОМ мұғалімі Г.Шойтымова;

Физика пәнінен  Бас жүлде  Талдықорған қаласы, Ломоносов атындағы №5 МЛ мұғалімі Санкайбаева Айгерим Манатбековна, І орын Текелі қаласы № 8 ОМ мұғалімі Синицина Мира Муратовна, ІІ орын Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов атындағы ОМ мұғалімі Шумакова Светлана Геннадьевна, ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданы  Ж.Қайыпов атындағы ОМ мұғалімі Манапханұлы Мағауя және ІІІ орын Көксу ауданы Ж.Егінбаев ат. ОМ  Қызырхан Азат;

Химия пәнінен Бас жүлде Текелі қаласы №3 ОМ мұғалімі Т.Корнилова, І орын Ақсу ауданынан С.Амирсанина, ІІ орын Ескелді ауданынан М.Чубасов, ІІІ орын Талдықорған қаласы М.Имашева және Райымбек ауданы Ғ.Абдыкадырова;

Биология пәні бойынша І орын С.Кусаинова, ІІ орын Р.Иманкулова, С.Джомартова, ІІІ орын А.Мусаева, С.Айткабылов және И.Дыбова.


 

 

 

  

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші