A - Размер шрифта A +

Жас мамандар

«Қиындық туғызатын есептерді шешу әдістемесі»

тақырыбындағы аймақтық шебер-класс туралы мәлімет

Жас мамандардың күрделі есептерді шығаруда  білімі мен білігін қалыптастыру мақсатында Алматы облыстық әдістемелік кабинеті 2017 жылғы 28 ақпанында Талдықорған қаласы №14 орта мектеп- гимназиясы базасында «Қиындық туғызатын есептерді шешу әдістемесі» тақырыбында аймақтық шебер-класс өткізді. Семинар барысында Талдықорған қаласы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы  лицейінің математика пәні мұғалімі Буланов Мұрат Даданбекұлы, Текелі қаласы, № 8 ОМ математика пәні мұғалімдері Дивеева Наталья Владимировна және Бугрова Олеся Владимировна өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында ашық сабақтар,  шебер-кластар көрсетті. Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, жұмыс нәтижесі туралы пікірлер тыңдалды. Аталған шараға барлығы 62 жас мамандар қатысты.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші