Әдістемелік десант
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

 «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың

тиімді жолдары» тақырыбында өткен әдістемелік десант

       22 ақпан  2017 жылы Көксу ауданында  психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдануда әдістемелік  және практикалық көмек көрсету мақсатында «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Десант барысында 1,5, 11 сынып оқушыларымен тренингтер, педагог-психологтармен шебер-сынып, постер-сессия өткізіліп,  нәтижесінде психологиялық түзету – теңестіру, дамытудың  тиімді жолдары жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік десант  соңында  өз іс- тәжірибесімен бөліскен педагог-психологтардың тренинг, шебер-сыныптарына  «Бағдаршам»  әдістемесімен кері байланыс орнатылды. Көксу, Ескелді аудандарының 30 педагог-психологы қамтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші