A - Размер шрифта A +

Құрметті әріптестер!!!

Сіздерді көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз! Әр таңдарыңыз арайлап атып, шабыт пен махаббатқа толы болсын демекпіз!

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- дейді. Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Сіздер Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, ақыл мен төзім, іскерлік пен батылдық бірге дарыған абзал да ізгі жансыздар! Бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

 

                                                                         Ізгі тілекпен,

 облыстық әдістемелік кабинет

                                                           меңгерушісі А. Қабдұлова

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші