Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
A - Размер шрифта A +

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ XXVI ОБЛЫСТЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2017 жылдың 4-6 наурызында Есік гуманитарлық-экономикалық,  Талдықорған политехникалық колледждерінің  базасында ұйымдастырылған конференция  жұмысына 600-ден астам мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары қатысып, 28 бағыт бойынша ғылыми ізденіс жұмыстарын қорғады. Биыл  Астана қаласында  ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің  ұйымдастырылуына байланысты конференция жұмысының   бір бағыты   «ЭКСПО-2017- болашақ энергиясына» арналды.

Конферения жұмысына ұсынылған жұмыстарды әділ бағалауға, ғылыми ізденістің шынайылығы мен тиімділігін саралауға әділқазы мүшелері  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық, Орталық Азия, Қазақ-Америка, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық,  Қазақ Ұлттық Аграрлық, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттері мен Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, Талдықорған қаласындағы жас техниктер станциясынан білікті ғалымдар тартылды.
Өткен оқу жылында 42-ші республикалық кезеңге жолдама алғандардың 35-і  жеңімпаз атанып, зерттеушілік қабілетін жаңалық пен шығармашылыққа толтырып қана қоймай, ғылым жолында нәтижелі табыстарға қол жеткізсе,  облыстық кезеңде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бола білген 120 дан астам жұмыс Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының кезекті 43-ші республикалық кезеңіне жолдама алды.

2016 жылдың 29 тамызында Ресейдің Челябинск қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасында аймақаралық серіктестікке қол қойылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында «Жастар саясатының заманауи кезеңін жүзеге асырудың ерекшеліктері» деген тақырыпта ғылыми жұмыстарын ортаға салған  жастарымызды тыңдаған Ресей өкілдері болашақта ғылыми қоғамдық орта қалыптастыруды алға тартқан болатын. Осыған орай, аталмыш бағытты жетілдіру мақсатында білім басқармасы республикалық кезеңде жүлделі орын алған жастарды алдағы уақытта ғылыми қоғамдық орталыққа делегат ретінде ұсынатын болады.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші