A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар Қалыптастырушы бағалау - оқыту тәсілі

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын облыс педагогтарының қалыптастырушы бағалауды қолдануда сапалы білімге қол жеткізудегі іс-тәжірибелермен алмасу және тәжірибелердің таралуына қолдау көрсету мақсатында «Қалыптастырушы бағалау - оқыту тәсілі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың тәжірибелік сабақтар бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері Абильбекова И.М., Төлегенова Г.К., Вичкуткина О.С., ағылшын тілінен Беленкова Е.М.,  орыс тілінен  Пукасева И.И., қазақ тілінен Тоғысбекова Д.Б., математикадан Еспенбетов Қ., химиядан Кириченко Н.А. ашық сабақтар көрсетті. Ал тәжірибелік дискуссиялық бөлімде Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалы, аға менеджер Г.Я.Қазығұлова «Іс-әрекеттегі зерттеу» үдерісін тәжірибеге ықпалдастыру жолдары», Талғар қаласындағы №8 Ю.Гагарин атындағы ДБАГ мұғалімі Б.Т.Арынов «Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану жолдары», облыстық әдістемелік кабинет әдіскері Г.Ж.Иманхатова «Білім беру үрдісіндегі заманауи әдістер» тақырыптарында шебер кластар өткізді.

Семинар өз жұмысын оқытудың білім технологияларын тиімді пайдалану, оның сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру бағытында кәсіби сұхбат жүргізумен аяқтады.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші