A - Размер шрифта A +

Облыстық байқау «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі»

29 наурыз күні Талдықорған қаласы Көктал ауыл №11 Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектеп базасында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» байқауы өтті.

Бұған  аудандық (қалалық) байқаудың 16 жеңімпазы қатысты. Байқаудың мақсаты - педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау.

Бағалаудың нәтижесінде: І-орын Б.Берикханов Талдықорған қаласы, ІІ-орын О.Ким Қаратал ауданы, Р.Базарова Еңбекшіқазақ ауданы, ІІІ- орын Е.Нусипов Ақсу ауданы, С.Нұрқасымов  Кербұлақ ауданы, Г.Юсупова Көксу ауданынан иеленді. Байқаудың соңында қатысушылар атаулы номинациялар және алғыс хаттармен марапатталды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші