Облыстық үздік сабақтар фестивалі
A - Размер шрифта A +

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында облыстық  үздік сабақтар  фестивалі өтті. Мұнда басты мақсат-қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибенің негізгі бағыттары бойынша кәсіби дамыту, шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем ету.

Фестивалдің бір ерекшелігі өзге сыныптармен 15 минут ішінде оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ–ны және сандық жүйелерді қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, шығармашылықты қолдана білуді және оны жүзеге асыру үшін қажетті, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін  қолдана білу болды. Сабақ өткізу барысында жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы құндылығының, оқу мақсатының айқындылығы, белсенді оқыту әдістерінің тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру критерилері басшылыққа алынды.

Нәтижесінде  облыстық әдістемелік кабинеттің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломы, атаулы  номинациясы, алғыс хаттарымен  марапатталды. Фестивалде 80 педагог қамтылып, қорытындысында тиісті әдістемелік ұсыныстар  айтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші