Облыстық олимпиада "Білімді ұрпақ-болашақ жетістігіІ"
A - Размер шрифта A +

Облыстық олимпиада "Білімді ұрпақ-болашақ жетістігіІ"

Облыстық әдістемелік кабинеті мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің бірлескен жұмысы аясында   20  сәуір күні  жалпы білім беретін және «Автокөлік слесарі», «Электргазбен дәнекерлеуші», «Құқықтану», «Ақпараттық жүйелер», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,  «Бастауыш білім беру» мамандықтары  бойынша,техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылардың  функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға 150 білім алушы қатысып, білімдерін сарапқа салды. Әділқазылар алқасының құрамына облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, ардагер оқытушылар және мамандықтар бойынша оқу орындарының  әлеуметтік серіктестері:  «Тұлпар» автомектебі,  Талдықорған қаласындағы  Орталық автомектеп, «Талдықорған Жылу Сервисі», «Life Style-Service» ЖШС, Талдықорған қаласындағы 5514 әскери техникалық бөлімінің қызметкерлері тартылды. Екі кезең бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бола білген  жүлдегерлер І,ІІ,ІІІ-дәрежелі дипломдар және сертификаттармен  марапатталды.

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші