A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Мемлекеттік емтиханды тапсыратын түлектер үшін қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдарын ұсыну, өзара тәжірибе бөлісу мақсатында Ұйғыр ауданы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектеп  базасында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдістемелік десант  өтті.

Аталған шарада   дискуссиялық және шеберхана алаңдары, ашық сабақтар мен «Көкейдегі көп сұрақ»  тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Оған Ұйғыр, Райымбек, Панфилов аудандарының жалпы орта білім беру мекемелерінің тарих және математика пәндері мұғалімдері қатысты. Әдістемелік күнде  57 педагог қамтылып, тәжірибе бөліскен мұғалімдер сертификаттармен марапатталды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші