Республикалық ғылыми-практикалық конференция
A - Размер шрифта A +

Республикалық ғылыми-практикалық конференция

29 сәуір 2017 жылы Алматы қаласы Орта Азия университетінің базасында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының Алматы аймағы бойынша  43-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы  өтті. 

«Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» - деген халық даналығын жадында сақтаған  300 жас өрен ғылым саласындағы  ізденіс жұмысын  27 секция  бойынша  сәтті  қорғады. Конференция жұмысының нәтижесінде  Алматы облысының  Талдықорған аймағы бойынша       84  қатысушының  15 – бірінші, 12 – екінші, 20 - үшінші орындардың  иегерлері атанды. Сонымен қатар, 25 қатысушы  мадақтамамен, ал 12  қатысушы  конференция жұмысына қатысқаны үшін алғыс хатпен  марапатталды. 


 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші