Оn-line семинар
A - Размер шрифта A +

Оn-line семинар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Алматы облысының ақпараттық технологиялар орталығы  базасында 27 сәуір күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілін оқытудағы тиімді тәсілдерді қолдану ерекшеліктері» тақырыбында on-line режимінде семинар өтті. Семинардың мақсаты  критериалды бағалау жүйесін енгізудегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тәжірибесін шыңдау. Аталған семинарға 104 мектеп  қатысты. Семинар барысында ерте жастан ағылшын тілін оқытуда жаңартылған бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін қолдану ерекшеліктерімен бөліскен Панфилов ауданынан Г.Көшербаева, М.Масумова, Еңбекшіқазақ ауданынан Р.Дурсунова, Іле ауданынан С.Нуржанова.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші