A - Размер шрифта A +

Тәжірибе тарату семинары

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда тәжірибе тарату мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  4 мамыр күні  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназия базасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы-қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Бұл шараға Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарынан 38 педагог қатысты. Семинар барысында гимназия педагогтары  «Мәңгілік ел» құндылықтарын сабақ барысында оқушылардың бойына дарытудың тиімді жолдарын ұсынды. 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші