Облыстық мектеп директорлар Форумы
A - Размер шрифта A +

Облыстық мектеп директорлар Форумы

19 мамыр күні облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи мектепті басқарудағы инновациялық қадам» тақырыбында «Талдықорған қаласы МКҚК Оқушылар сарайы» базасында облыстық мектеп директорларының форумы өтті.

Форумның мақсаты: Заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларын кәсіби қолдау, мадақтау.

Форумның пленарлық жиыны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары  М.Омарованың құттықтау сөзімен басталды.

Сонымен қатар, «Өрлеу»  БАҰО  АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару мен білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.. М.Валиева «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық серіктестігін дамытудағы инновациялық басқарудың ролі», Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Ғ.Толықбаева «Жаңартылған білім беру жағдайында директор көшбасшылығына қойлатын талаптар»,  Талдықорған қаласындағы «Білім және инновация»  лицей-интернатының директоры Б.Омаров «Үш тілді білім беру жағдайында «Білім - инновация» лицейлерінің іс-тәжірибесі», Ақсу ауданы Е.Сиқымбаев атындағы орта мектеп директоры, облыстық директорлар кеңесінің мүшесі Р. Ибраимова «Жаңартылған білім беру жағдайында метептегі шығармашылық үрдіс - инновациясының даму факторы», Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зиятерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тонерекова «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына негізделген Зияткерлік мектептердің оқыту мен тәрбие  үрдісі» атты баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашылардың жұмыстарын тыңдай келе, облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Қабдұлова жаңартылған білім мазмұны аясында мектепті басқару жұмысында іске асырылуы тиіс бірқатар мәселелер бойынша өз тарапынан ұсыныстар айтты.

Пленарлық жиын жұмысын басқарма басшысының орынбасары М.Омарова қорытындылап, баяндама оқыған тренер-педагогтарға облыстық білім басқармасы басшысының атынан алғыс хаттарды табыс етті. Форум постер-сессия алаңымен жалғасты. Аталған шараға жалпы білім беру ұйымдарының 146 басшылары қатысты. 


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші