A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар

Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 мамырында Талдықорған  қаласы   М.Арын атындағы №24 ДБАЛ базасында математика пәндері мұғалімдерімен «Математика пәнінен ғылыми жоба және пән олимпиадаларына дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының оқушыларды ғылыми жарыстарға, пәндік олимпиадаларға дайындаудағы   тәжірибелерін насихаттау мақсатында өткен семинарға 34 педагог қатысты.

Семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен Әл-Фараби атындағы ДБАГ, М.Арын атындағы №24 ДБАЛ математика пәні мұғалімдеріне сертификаттар табыс етілді.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші