Аймақтық дискуссиялық алаң
A - Размер шрифта A +

Аймақтық дискуссиялық алаң

Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек  орта мектеп базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 1 сыныпта оқыту үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық  дискуссиялық алаң жүргізілді.

Дискуссиялық алаң критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда өзара тәжірибе алмасу мақсатында өтіп, білім беру мекемелерінде жаңартылған білім беру жағдайында 1 сыныптарда сабақ жүргізетін бастауыш сынып, пән мұғалімдері өзара тәжірибелерімен бөлісті. Еңбекшіқазақ, Панфилов, Іле аудандарының өңірлік үйлестірушілері жыл бойы жүргізген жұмыстарына есеп берді.  Дисскусиялық алаңның екінші бөлімінде пән мұғалімдері мен мектеп, өңірлік үйлестірушілер топтарға бөлініп қойылған сұрақтарға топпен, жұппен жаңартылған бағдарламаның жүзеге асуын талқылады.

Дискуссиялық алаңға облыстық мекемелер №15, И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаттары, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандарының әдіскерлері, өңірлік, мектеп үйлестірушілер, 1 сыныпта сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері қатысты. Дискуссиялық алаңға 75 педагог қатысты.

                                                   

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші