І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлескен жұмыс
A - Размер шрифта A +

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлескен жұмыс

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында география және физика пәндері мұғалімдерімен «Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» атты облыстық оқыту семинары өтті. Семинар пән мұғалімдеріне оқушыларға тәжірибелік есептер шығарту, қосымша дерек көздерімен жұмыс істету арқылы өз беттерімен білім алу дағдыларын, графиктік сауаттылығын арттыру әдістерін меңгертуді көздеу мақсатында ұйымдастырылды. 

Консалтингтік алаңда жоғарғы оқу орнында жаратылыстану, физика және ФОӘ кафедраларының оқытушылары графикалық кескіндеу, тәжірибелік есептерді шығарту жолдары, физика бойынша оқу материалын жүйелеу мен ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістемесі  тақырыптарында кеңестер берілді. Сонымен қатар, далалық практика жұмысы жүргізілді. Семинар жұмысына  облыстан 88 педагог қатысты. 


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші