A - Размер шрифта A +

Облыстық «Алаш арысы» байқауы

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын жалпы орта білім беру мекемелерінің тарих пәні педагогтарын анықтау, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында облыстық «Алаш арысы» байқауы өтті. Байқауға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған және жалпы орта білім беру мекемелерінен 19 тарих пәні мұғалімдері қатысты. 

Байқаудың қорытындысы бойынша: 1 орын–Д.Ахмолдаев Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің тарих пәні мүғалімі; 2 орын–Э.Есмуратова Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі; 2 орын – Ғ.Атабаев Кербұлақ ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; 3 орын–Д.Икласбаев Көксу ауданы Қ.Жаспарбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; 3 орын–М.Молбаева Ескелді ауданы М.Байысов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; 3 орын – Н.Бейсебаева Жамбыл ауданы Қайназар №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі облыстық «Алаш арысы» байқауының жеңімпаздары деп танылды.

Номинациялар иегерлері: «Креативті ұстаз» - Ж.Жұмабаева Текелі қаласы №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; «Ұшқыр ойлы тарихшы» - Б.Қожанов Райымбек ауданы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; «Тағылымды тарихшы» - Е.Слямов Алакөл ауданы Безродных атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі; «Ғылыми ізденістегі тарих пәні мұғалімі» - Б.Мурынбаев Қаратал ауданы І.Есенберлин атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші