A - Размер шрифта A +

Облыстық «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» конкурсы

Облыстық әдістемелік кабинетінің  жұмыс жоспарына сәйкес ресурстық орталық (тірек мектебінің) қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату мақсатында  «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» облыстық конкурс өткізді, оған 7 ресурстық орталық қатысты.

Нәтижесінде төмендегі ресурстық орталықтар (тірек мектептері) облыстық конкурс жүлдегерлері деп танылды: 

І орын - Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі-ресурстық орталығы;  Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы;

ІІ орын - Ақсу ауданы Е.Сиқымов атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы;  Балқаш ауданы Ақкөл орта мектебі - ресурстық орталығы;

ІІІ орын - Талдықорған қаласы №21 орта мектебі - ресурстық орталығы; Қапшағай қаласы №7 орта мектебі - ресурстық орталығы.

І орын иеленген Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі-ресурстық орталығы және Қаратал ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы қазан айында өтетін республикалық - ІІ кезеңге жіберілді.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші