A - Размер шрифта A +

Республикалық семинар

 Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері

2017 жылдың 29-30 маусым күндері Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау, ортаға салу мақсатында «Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында  республикалық семинар өтті.

Аталған семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы Айман Тельманқызы Дүйсембаева, Астана, Алматы қалалық және облыстық білім басқармалары кадр бойынша мамандар мен әдістемелік кабинет басшылары және аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Семинарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда білікті кадрлармен қамтылу мәселелері талқыланып, өзара ой ортаға салынып, тәжірибе бөлісті. Семинар соңында  ұсыныстар  қабылданды.

 

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші