A - Размер шрифта A +

Облыстық сырттай байқау

Мектепке дейінгі ұйымдардың үлескелерінде денсаулық сақтау ортасын ұйымдастыру үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды құру, мектепке дейінгі ұйымның жер аумағын абаттандыруда педагогтар мен ата-аналардың әлеуметтік, өзара әрекеттестік белсенділігін арттыру мақсатында облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік үлескесі» сырттай байқауы  өтті.

Әр ұйымның үлескесіндегі бақша, гүлзарлардың жалпы көрінісі, тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі балалардың әрекеттерінің суреттері (ойын, еңбек іс-әрекеті, шынықтыру-сауықтыру жұмыстары және ата-аналар, педагогтардың қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралар), қысқаша жазылған аннотациясымен берілді.

Сараптау комиссиясының шешімі бойынша: І орын - «Балбөбек» балабақшасы Қаратал ауданы; ІІ орын - «Өркен-1» балабақшасы Еңбекшіқазақ ауданы; №8 «Күншуақ» бөбекжай-бақшасы Талдықорған қаласы; ІІІ орын «Қуаныш» балабақшасы Көксу ауданы; «Балауса»  балабақшасы Қарасай ауданы; «Ұлан»  балабақшасы Жамбыл ауданы және атаулы номинациялармен марапатталды.

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші