Секциялық отырыс
A - Размер шрифта A +

Секциялық отырыс

2017 жылдың 24 тамызында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы, Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы, №1 Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті, Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің базаларында облыстық тамыз кеңесінің секция жұмыстары өтті.

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0. – білімнің үлесі» тақырыбында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секция жұмыстарына Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова, Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зиятерлік мектебінің директоры Д.Пірмағанбет, «Өрлеу»  БАҰО  АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандыры, "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Б.Оспанов және тренерлер, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, педагог қызметкерлер қатысты.

Секция отырысында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық процестерді дамытуда әдістемелік қызметтің рөлі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану тәсілдерін жетілдіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, жалпы білім беру мекемелерінде үштілді оқытудың жайы және даму болашағы туралы жан-жақты талдау жасалып, 5,7 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу, қосымша және инклюзивті, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші