«Туған жер» бағдарламасы аясында педагогикалық проспект
A - Размер шрифта A +

«Туған жер» бағдарламасы аясында педагогикалық проспект

Облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 15 қыркүйекте Текелі қаласындағы жасөспірімдер мен балалар туризм және өлкетану орталығы базасында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруда педагогтың өлкетану жұмыстарын жүргізу,  тәжірибесін тарату мақсатында Республикалық «Үздік педагог» байқауының грант иегері Текелі қаласы, №1 орта мектебінің география пәні мұғалімі Молбаев Бақытжан Қайратұлының «Табысқа жетудің 4 көкжиегі» тақырыбында педагогикалық проспектісі облыстық деңгейде өтті. Бақытжан Қайратұлы педагогтар алдына «Жерұйығым - Жетісу» тарихи-этнографиялық және танымдық авторлық ойынын ұсынды. Іс-шара барысында «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда педагогтарды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» атты панельдік сессияда «Туған жер» бағдарламасының түйінді идеясы неде? «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының өзектілігі, биылғы оқу жылында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі және әдебиеті», «География» пәндерінде кіріктіре оқытудың іске асырылуы туралы сұрақтары талқыланды.

Іс-шара жұмысына облыстағы жалпы білім беретін мектептерден 45 география және тарих пәндері мұғалімдері мен жауапты әдіскерлер қатысты.


 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші