Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2017
A - Размер шрифта A +

Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2017

Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2017 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында 21 қыркүйек күні Талдықорған агро-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2017» атты облыстық байқау ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың ашылу салтанатын Талдықорған агро-техникалық колледжінің ұжымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан тұғырнамасының негізіндегі рухани кеңістігіміздің бастауымен бастады.

Алғашқы сөз кезегін алған  білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы техникалық және кәсіптік білім саласына енгізіліп жатқан жаңашылдықтар мен атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағытына тоқтала отырып, алдағы жұмыстың нәтижелерін де айқындап берді. 

Байқаудың басты міндеті облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің оқу-тәрбие  үрдісін  дамытып, басқарудың жаңа әдістерін ендіруге, білікті мамандар дайындаудың сапасын арттыруға ынталандырып, тиімді педагогикалық идеяларын дамытуға қолдау көрсету арқылы кәсіби болашағы бар және шығармашылықпен жұмыс істейтін колледждерді анықтау болғандықтан, байқауға қатысқан 7 оқу орны екі кезең бойынша сайысқа түсіп, өзіндік презентациялары мен оқу-тәрбие үдерісінің моделін қорғады.

Оқу орындары ұсынған жұмыстарды сарапқа салып, шынайы бағасын беру үшін байқаудың қазылар алқасының құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ ұйымының өкілдері енгізілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі, екінші орынды Талғар политехникалық колледжі, үшінші орынды Талғар агробизнес және менеджмент колледжі,  «Жетістік жолында» номинациясын «Ұзынағаш» медициналық колледжі иеленді.


                                                                                                  

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші