A - Размер шрифта A +

Облыстық педагогикалық идеялар фестивалі

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы №17 орта мектеп базасында облыстық "Педагогикалық идеялар фестивалі" өтті.

18 аудан мен 4 облыстық мекемелерден қатысқан педагогтар қазылар алқасына өздерінің  тың педагогикалық идеяларын ұсынып, шығармашылық тұрғыдан жоспарларымен бөлісті.

Фестиваль қорытындысы бойынша:

І орын – Б.Арынов Ю.Гагарин атындағы №2 ДБАГ тарих пәнінің мұғалімі;

ІІ орын – А.Райханова Әл-Фараби атындағы ДБАЛ тарих мұғалімі; Ф.Гусенова Көксу ауданы  Н.Алдабергенов атындағы ОМ физика пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – М.Анисимова №20 ДБАЛ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;  С.Кальпебаева Ескелді ауданы  Ж.Жақыпбаев атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі; Х.Палтаева Ұйғыр ауданы №1 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

Фестивальдің нәтижесінде облыстық әдістемелік кабинеттің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломы, атаулы номинациясы, алғыс хаттарымен марапатталып,  тиісті әдістемелік ұсыныстар айтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші