Әдістемелік десант
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26-28 қыркүйегінде химия, биология пәндері мұғалімдерімен қалыптастырушы бағалауды жүргізу машықтарын жетілдіру, әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқыту сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында әдістемелік десант өткізілді.

Десант барысында жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде 5, 7 сыныптарда ашық сабақтар және сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану мен оқыту тәжірибесін жақсарту бағытында әдістемелік алаң өткізілді.

Бұл шараға Панфилов ауданынан - 52, Ұйғыр ауданынан - 36, Райымбек ауданынан –62, барлығы 150 педагог қатысты.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші