Әдістемелік күн
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік күн

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында 5,7 сыныптарға сабақ жүргізетін ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен әдістемелік күн өткізілді.

Әдістемелік күннің мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Әдістемелік күн қыркүйек айының 12 – 28 күндері аралығында «Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі 5,7 сыныптарға арналған ағылшын тілі пәнінінің оқулықтары: мазмұны мен ерекшеліктері» тақырыбында жүргізілді. Әдістемелік күн барысында «Study Inn» баспа үйі «Сambridge University Press» баспасының Қазақстандағы өкілідігінің әдіскерлерімен бірлесе Ақсу, Алакөл, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек аудандарының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне биылғы оқу жылында 5,7 сыныптардың оқулықтарының мазмұны талқыланып, оқулықтағы тақырыптар бойынша тиімді әдістерді қолдану арқылы шебер сыныптар жүргізілді.

Жұмыс барысында аталған оқулық бойынша пән мұғалімдері сабақ жоспарларын құру, күнтізбелік тақырыптық жоспардың мазмұнын талқылау бойынша ой бөлісті. Әдістемелік күнге 303 ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші