A - Размер шрифта A +

Республикалық «Үздік педагог» атағы иегерлерінің тәжірибесінен

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен  «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Қарасай ауданы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназия базасында «Туған жер» бағдарламасы қазақстандық патриотизмнің даму философиясы ретінде» тақырыбында «Үздік педагог» атағы иегерлерінің  тәжірибесін тарату семинары өтті.

Бұл шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептерден 67 педагог қатысты. Семинар барысында  «Үздік педагогтар»: Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі А.Абуова, Іле ауданы №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сарсенбаева және Қарасай ауданы  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Елшиманова сабақ барысында рухани құндылықтарды оқушылардың бойына дарытудың тиімді жолдарын ұсынды. 


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші