Облыстық семинар
A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №42 балабақшасы базасында «Жаңартылған білім беру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында өткен  семинарға 60 мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен шағын - орталықтар педагогтары қатысты.

Семинардың тәжірибелік алаң  бөлімінде Талдықорған қаласы №42 балабақшасы педагогтары бес білім беру салаларын кіріктіре отырып, өтпелі тақырыпта жоспарлау жүйесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері: С.Джексембаева («Лучики» мектепалды даярлық тобы), Л.Жаманова «Алау» (мектепалды даярлық тобы), Н.Заводовская  «Любознайка» (ересектер тобы), Г.Тұрсынбаева «Болашақ» (ересектер тобы) тәрбиешілерінің іс - тәжірибе бөлісумен семинар өз жұмысын аяқтады.


                                        

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші