Әдістемелік десант
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Облыстық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес 4 қазанда Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы   орта мектеп-гимназия базасында «Білім беру  ұйымдары дефектолог, логопедтерінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, өзара кәсіби қызметтестікті нығайту мақсатында дефектологтік  қызмет, логопедтік  қызмет бойынша құжаттардың жүргізілу барысы жайында Ескелді ауданы  №12 ППКК әдіскері Ж.Ж.Туркебаева, Көксу ауданы  Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің педагог-логопеді Б.Джунисова,Талдықорған қаласы №25 орта мектебінің педагог-логопеді К.Ерболаева,Талдықорған қаласы №25 орта мектебінің дефектологы М.Абдуллаева өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Әдістемелік десантқа барлығы 32 педагог қамтылды.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші