A - Размер шрифта A +

Біліктілікті арттыру курсы

«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Талдықорған политехникалық, Алматы облысының тамақтандыру және қызмет көрсету саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінің базасында  облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған  «CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде  оқыту»  тақырыбында біліктілік арттыру  курсы өтті.

Тыңдаушылар арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуда «CLIL» әдістемесін қолдану арқылы сабақта тілдік мақсатты іске асыруды, арнайы білім мен тілді кіріктірген оқытуды,  ұйымдастыруды және сабақты  жоспарлау мен түрлі белсенділік түрлерін қолданудың қыр-сырын таныды. Нәтижесінде тыңдаушылар өзара тәжірибе алмасып, оқытудың өзекті мәселелерін шешу жолдарын  кеңінен  қарастырды.

Іс шараға 40 оқытушы қатысып, курс соңында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ның сертификаттарына ие болды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші