Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыту мақсатында Панфилов ауданы Нұркент қалашығындағы «Арай» балабақшасы базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

Балабақшада оқу үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі бойынша тәжірибелік алаңында тәрбиешілер өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Іс-шараға Панфилов, Райымбек, Ұйғыр аудандарындағы жекеменшік балабақша мен шағын-орталықтар педагогтары қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші