Үздік педагог – 2017
A - Размер шрифта A +

Үздік педагог – 2017

Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтарға «Үздік педагог» атағын беру үшін жыл сайын  Республикалық «Үздік педагог» байқауы өткізіледі.        

Аталған байқауға биылғы жылы  облысымыздан 4 ұстаз қатысып,  «Үздік педагог» атағына ие болды. Олар:

  1. Кульбаева Гуля Сарсеновна,  Іле ауданы  №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;
  2. Рамазан Қайрат Мэлсұлы, Текелі қаласы «№5 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
  3. Майшыков Омирбек Нурсеитович, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, «Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  4. Тұрсынбек Серік, Талдықорған агротехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

         «Үздік педагогтар» үстіміздегі жылдың 5 қазанында Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, әрқайсысы 2 269 000 теңге сыйақыға ие болды.

         

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші