Бағалаудың тиімді әдістері
A - Размер шрифта A +

Бағалаудың тиімді әдістері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Іле ауданында «Бағалаудың тиімді әдістері»  тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті.

Мақсаты - химия, биология пәндері бойынша сабақты жоспарлау, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру және саралау әдісін жүргізуде  мұғалімдерге әдістемелік көмек беру.

Семинар-тренинг барысында жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы негізінде 5, 7 сыныптарда 7 үлгілі сабақтар (Іле ауданынан Тазабекова С. - №40  ОМ, Берденова  А. - №39  гимназия; Қапшағай қ., Нурмагамбетова А. - Ы.Алтынсарин ат. №1 ОМ, Нурмаганбетова Б. - Қапшағай қ., №3 ОМ; Балқаш ауданынан Меркибаева Д. - Қарағаш ОМ, Карибекова А. - №1 Бақанас ОМ; Кербұлақ ауданынан Маукенова Г.- Күреңбел қазақ ОМ) көрсетілді.

Аталған шарада «Жаңартылған білім беруді меңгерудегі кедергілер және оны реттеу жолдары» атты дөңгелек үстел жүргізіліп, оған Іле, Кербұлақ, Балқаш ауданы мен Қапшағай қаласының 50 педагогы қатысты.

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші