Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері
A - Размер шрифта A +

Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен робототехника элективті курсын жүргізуде оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мақсатында Қапшағай қаласы «Орта мектеп гимназиясы» базасында «Білім берудегі робототехниканың таңдаулы бөлімдері» тақырыбында  облыстық семинар өтті.

Консалтингтік  алаңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері бағдарламалау және жобалау бойынша  жұмыстар жүргізіп, облыстық білім беру мекемелерінің мұғалімдері практикалық алаңда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыстық білім беру және  жалпы білім беру ұйымдарының 50 педагог қатысты. 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші