A - Размер шрифта A +

CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған политехникалық колледжінің базасында «CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту процесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру» тақырыбында аймақтық  семинар-кеңес  өтті.

Семинар-кеңестің мақсаты - пәндік-тілдік кіріктірілген оқу процесінде  арнайы пәндерді оқыту бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен оқытушылармен курстан кейінгі жұмыстарды  ұйымдастыру және оқытушыларға әдістемелік көмек  көрсету.

Аталған шараға «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  бас тренері  Адепбаева К., штаттан  тыс тренерлері Окашева А., Токенова Г., Тойшыбекова А., І.Жансүгіров атындағы ЖМУ шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Қылышпаева М. және Талдықорған аймағындағы  колледждердің  35  әдіскері  қатысты.

Практикалық сессияда CLIL әдістемесі бойынша Талдықорған политехникалық, агротехникалық колледждерінің арнайы пән оқытушылары  пәнмен-тілді кіріктіруде ықшам сабақтар көрсетті.

Семинардың жұмысы дөңгелек  үстелмен    ұласты.  Жұмыс барысында арнайы пәндерді оқытуда пәндік-тілдік кіріктірілген  әдістемені  қолданудың  проблемалары   және оны шешу жолдары талқыланды.


 

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші