A - Размер шрифта A +

Үздік балабақша тәрбиешісі - 2017

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы  №12 ОМ  базасында облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі-2017» байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты - облыс көлемінде инновациялық бағытта шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзіндік жаңашыл идеясы бар мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуына ықпал ету.

Байқаудың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласы 45 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Б.Бикембаева І орынды, Текелі қаласы №3 балабақшасының тәрбиешісі А.Кожагазина, Көксу ауданы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі С.Старых ІІ орынды иеленсе, Қарасай ауданы «Жанерке» балабақшасының тәрбиешісі А.Икрамова, Қаратал ауданы №25 балабақшасының тәрбиешісі Н.Парышева және Жамбыл ауданы «Ұлан» балабақшасының тәрбиешісі Б.Рахманбергенова ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар Сарқан ауданы «Балдырған» балабақша тәрбиешісі Г.Толеугалиева «Шығармашыл тәрбиеші»,  Қаратал ауданы «Балдаурен»  балабақша тәрбиешісі Ж.Айтова «Креативті тәрбиеші», Ескелді ауданы «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі А.Сулейменова «Ізденімпаз тәрбиеші» номинацияларына ие болды.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші