A - Размер шрифта A +

Ғылыми-әдістемелік конференция "Рухани жаңғыру-болашаққа зияткерлік серпін"

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің  базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының  аясында білім алушылардың жаңа идеяларын ілгерілету, патриоттық, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында  «Рухани жаңғыру-болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

60 оқытушы қатысқан конференция өз жұмысын өлкетану, тарих, әдебиет, өнер, мәдениет бағыттарының негізінде «Жаныңда жүр жақсы адам», «Отаным - тағдырым», «Өлкетану» секциялары бойынша жүргізді. Үздік деп танылған жұмыстар аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға  ұсынылды.


 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші