A - Размер шрифта A +

Ең үздік жыл психологы – 2017

Орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтері арасында үздік тәжірибені насихаттау, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Ең үздік жыл психологы» байқауы өтті.  Байқауға облыстың орта білім беру ұйымдарынан  15 педагог-психолог қатысты.

Байқауда педагог-психологтар 3 тур бойынша сайысқа түсіп, нәтижесінде: А.Аульбекова Кербұлақ ауданы, Беріктас орта мектебінің педагог-психологы І-дәрежелі, А.Чернышева Қапшағай қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің педагог-психологы, А.Шаяхметова М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназия педагог-психологы ІІ-дәрежелі,   Н.Нуртаева Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылындағы орта мектебінің педагог-психологы, М.Әбдіманап Талғар ауданы, №44 орта мектебінің педагог-психологы ІІІ- дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, Д.Бектурганова Текелі қаласы, №4 орта мектебінің педагог-психологы «Үздік авторлық бағдарлама», Көксу ауданы, Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінің педагог-психологы «Үздік портфолио», Ескелді ауданы, Балпық би атындағы орта мектебінің педагог-психологы «Үздік Эссе», Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінің педагог-психологы «Креативті психолог» номинацияларын иеленді.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші