Облыстық семинар-кеңес
A - Размер шрифта A +

Облыстық семинар-кеңес

Үстіміздегі оқу жылының 27 қазанында Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы орта білім беретін мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында жаратылыстану ғылымдары пәндерін ағылшын тілінде оқытуды пилоттық режимде енгізетін мектептер «Химия, «Биология», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерін даярлау, оқушыларды критериалды бағалау жүйесін табысты жүзеге асыру шарттары мәселесі туралы айтылды.

Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері Ошақпаева Аманкүл Әлдибекқызы, Черенкова Людмила Валерьевна қатысып, білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, жаңартылған білім мазмұны негізінде типтік оқу бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары мен мектеп директорлары қатысты. Барлығы 200 маман қамтылды.

 

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші