Әдістемелік десант
A - Размер шрифта A +

Әдістемелік десант

Талғар, Іле, Райымбек аудандарында мектеп психологтарына арналған психологиялық түзету-теңестіру, дамытудың тиімді жолдарын ұсыну, түзету, дамыту бағытындағы тиімді әдістерді қолдану және әдістемелік, практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Психологиялық қызметтегі түзету, дамытудың  тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өтті.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,5,7,9,11 сынып оқушыларымен түзету-дамыту тиімді жолдары психологиялық тренингтерде, шебер сыныптарда ұсынылса, постер-сессияда педагог-психологтар топтық жұмыс, постерді қорғау барысында коррекциялық әдістердің жас ерекшелікке сәйкес тиімділігі жөнінде пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші