A - Размер шрифта A +

Жас мамандардың педагогикалық дебюті

Облыстық әдістемелік кабинеті  2017 жылы 01 қарашасында №17 орта  мектеп базасында облыстық «Педагогикалық дебют» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - жас ұстаздардың шеберлігін, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу, қолдау және мадақтау.

Байқаудың қорытындысы бойынша: Бас жүлдені - Ұйғыр ауданы, Қалжат ОМ, География пәнінің мұғалімі А.Иманалиев; Қапшағай қаласы №3 ОМ МКМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі М.Жаңбырбай – І орын;  Талдықорған қаласы №12 ОМГ, физика-математика пәндерінің мұғалімі Ж.Ахметов,  Жамбыл ауданы Қарғалы №4 ОМ, бастауыш сынып мұғалімі А Мұратұлы - ІІ орын; Текелі қаласы №5 ОМ КММ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Абдраемова; Талғар қаласы Бірлік аулы №35 мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Т.Меліс; Іле ауданы Екпінді ауылы №48 ОМ  МКМ, тарих пәнінің мұғалімі Р.Сериков - ІІІ орынды иеленіп, облыстық «Педагогикалық дебют» байқауының жеңімпаздары деп танылды.

Номинация иегерлері: «Шығармашыл ұстаз» - Панфилов ауданы Жаркент ОМ, тарих  пәнінің мұғалімі – Ж.Нұрмаш; «Креативті ұстаз» - Балқаш ауданы №1 Жамбыл атындағы орта мектебі МКМ, бастауыш сынып мұғалімі – А. Сапаралиева; «Жаңашыл ұстаз» - Ақсу ауданы Қ.Сәтбаев атындағы ОМГ КММ, информатика-математика пәнінің мұғалімі - А.Байболов; «Ізденімпаз ұстаз» - Райымбек ауданы Ақсай ОМ КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі - Ө.Мусаев.

Байқауға 20 жас маман қатысты. Соңында әділқазы алқаларының  ұсыныстары айтылды.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші