A - Размер шрифта A +

Біліктілікті арттыру курсы

«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 23 қазан - 3 қараша  аралығында Талдықорған агортехникалық, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Алматы облысының тамақтандыру және қызмет көрсету саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінде  облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында біліктілік арттыру  курсы  өтті.

Курс барысында тыңдаушылар оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын  оқу үрдісіне енгізудегі ерекшеліктері мен студенттің өз бетімен білім алу траекториясының құрудың жолдарымен танысты. 

60 инженер-педагог  курс соңында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ның сертификаттарына ие болды.

© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші