A - Размер шрифта A +

Жалпы орта білім беретін мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселесі

Алматы облысы білім басқармасы 2017 жылдың 3 қарашасында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда жалпы білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру жағдайында  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша білім бөлімі басшылары мен мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдарының басшыларына, пән мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету мақсатында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің пленарлық жиынын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова  өзінің алғы сөзімен ашты.

Осы жиынға Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Берік Құттыбаевич Асубаев,  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, оқулық авторы Жанат Турарбековна Даулетбекова, Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Аманкүл Әлдибекқызы Ошақбаева, Есік гуманитарлық-экономикалық колледж директоры Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева Bilim Media Group компаниясы мен «Ustudy» тестілеу орталығының өкілдері,  қатысып, жалпы білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру жағдайында  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері жайлы ой қозғады.

Семинар-кеңестің тәжірибе бөлісу алаңында 8 бағытта  жұмыстар жүргізіліп, «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды жүргізудің ерекшеліктері» тақырыптарында білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша облыс тренерлері шебер-класс, коучингтер өткізді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында  пәндерді оқытудың ерекшеліктері, оқытуды жүзеге асыруда критериалды бағалауды жүргізудің өзекті мәселелері талқыланған бұл семинар-кеңестің жұмысын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары М.Омарова қорытындылады.

Аталған шараға 250-ден астам қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары, әдістемелік кабинет әдіскерлері, мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары  және пән мұғалімдері қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші