Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнді оқыту ерекшеліктері
A - Размер шрифта A +

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнді оқыту ерекшеліктері

5,7 сыныптарға сабақ беретін тарих және география пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында облыстық  әдістемелік кабинеті «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында пәнді оқыту ерекшеліктері» тақырыбындаАқсу ауданында әдістемелік десант өткізді.

Аталған іс-шарада Талдықорған қаласы, №14 ОМГ тарих пәні мұғалімі А.Туктибаева ашық сабақ көрсетіп,Талдықорған қаласы №21 орта мектебінің география пәні мұғалімі,білім беру мазмұнын жаңарту аясында «География» пәні бойынша тренер Ж.Маемерова коучинг өткізіп, соңы дискуссиялық алаңға ұласты.

Шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 5,7 сыныпта сабақ беретін тарих және география пәндері мұғалімдерінің сабақтарына қатыса отырып, қалыптастырушы бағалау, саралау тапсырмалары мен кері байланыс беру бойынша тиімді ұсыныстар айтылды. Әдістемелік десантқа 45 пән мұғалімдері мен әдіскерлер қатысты.


© 2018. Барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген қорғалған.
Әзірлеуші